Есірткіге қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау – Шымкенттегі маңызды бастамалар

Шымкент қаласында жастарды зиянды әдеттерден қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында «Есірткісіз қала» және «Таза Қазақстан» акциялары ұйымдастырылды.
«Есірткісіз қала» акциясы Шымкент қалалық Полиция департаменті мен Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өтті. Іс-шараға коммуналдық қызмет мекемелерінің қызметкерлері, еріктілер, спортшылар және белсенді жастар қатысты.
Акция барысында қатысушылар қала көшелерін, қоғамдық орындарды және білім беру ұйымдарының маңын аралап, есірткі құралдарын заңсыз насихаттайтын интернет-ресурстар мен байланыс арналары көрсетілген жарнамаларды анықтап, жою жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар жастар арасында есірткінің зияны, синтетикалық есірткілердің қауіптілігі және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда есірткі саудасының басым бөлігі интернет кеңістігі арқылы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрақты мониторинг жүргізіп, заңсыз әрекеттердің жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде күшейтіп келеді.
Акция аясында қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман мен белгілі спортшылар Біржан Жақыпов және Арман Оспанов жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты айналысуға және заңсыз табыс көздерінен аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Қаратау ауданындағы Жоғарғы Отырар шағын ауданындағы №53, №54 және №55 тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, шөптер орылып, ағаштар мен бұталар ретке келтірілді. Сондай-ақ Бадам өзенінің жағалауы, Тассай шағынауданы және Еңбекші ауданындағы 12-шағынаудан аумақтарында санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстары ұйымдастырылды.
Жоғарғы Отырар шағын ауданының тұрғыны Ұлбосын Тәжібаева мұндай бастамалардың тұрғындар үшін маңызы зор екенін атап өтіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акциялар қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ жастардың қауіпсіз әрі салауатты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Шымкент қаласында жастарды зиянды әдеттерден қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында «Есірткісіз қала» және «Таза Қазақстан» акциялары ұйымдастырылды.«Есірткісіз қала» акциясы Шымкент қалалық Полиция департаменті мен Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өтті. Іс-шараға коммуналдық қызмет мекемелерінің қызметкерлері, еріктілер, спортшылар және белсенді жастар қатысты.
Акция барысында қатысушылар қала көшелерін, қоғамдық орындарды және білім беру ұйымдарының маңын аралап, есірткі құралдарын заңсыз насихаттайтын интернет-ресурстар мен байланыс арналары көрсетілген жарнамаларды анықтап, жою жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар жастар арасында есірткінің зияны, синтетикалық есірткілердің қауіптілігі және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда есірткі саудасының басым бөлігі интернет кеңістігі арқылы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрақты мониторинг жүргізіп, заңсыз әрекеттердің жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде күшейтіп келеді.
Акция аясында қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман мен белгілі спортшылар Біржан Жақыпов және Арман Оспанов жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты айналысуға және заңсыз табыс көздерінен аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Қаратау ауданындағы Жоғарғы Отырар шағын ауданындағы №53, №54 және №55 тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, шөптер орылып, ағаштар мен бұталар ретке келтірілді. Сондай-ақ Бадам өзенінің жағалауы, Тассай шағынауданы және Еңбекші ауданындағы 12-шағынаудан аумақтарында санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстары ұйымдастырылды.
Жоғарғы Отырар шағын ауданының тұрғыны Ұлбосын Тәжібаева мұндай бастамалардың тұрғындар үшін маңызы зор екенін атап өтіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акциялар қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ жастардың қауіпсіз әрі салауатты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Обсудить
Другие статьи:
В Шымкенте прошла акция «Город без наркотиков»
09 Маусым 2026, Сейсенбі
Шымкентте «Есірткісіз қала» акциясы ұйымдастырылды
09 Маусым 2026, Сейсенбі
Борьба с наркотиками и защита окружающей среды – важные инициативы в Шымкенте
09 Маусым 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
30 Қантар 2025, Бейсенбі
7) Шымкентте есірткіге қарсы күрес мақсатында «Есірткісіз болашақ» атты акция өтті.
Комментарии (0)