Байланысқа арналған телефондар:
» » Осы әкімдер, "ойбай жайылым жоқ, жайылым жетіспейді, ойбайда ойбай",- деп жатыр еді, сөйтсек

Осы әкімдер, "ойбай жайылым жоқ, жайылым жетіспейді, ойбайда ойбай",- деп жатыр еді, сөйтсек

22 июнь 2023, Четверг
2 599
0
Осы әкімдер, "ойбай жайылым жоқ, жайылым жетіспейді, ойбайда ойбай",- деп жатыр еді, сөйтсек...
"Түркістан облысының прокуратурасы «Қолжетімді жайылым» жобасының аясында 174 ауыл әкімін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тарттыпты". Солақпа?
"Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған екен. ал әйтпесе.
Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында қолданған. 
Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн. га-дан 652 мың га дейін төмендеген екен". Не дейіді Құдайымау?
"Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.
Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігіне, ауылшаруашылығы министрлігіне және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды", -деп жариалады Түркістан облысының прокуратурасы.
Бахытжан Копбаев

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать