Байланысқа арналған телефондар:
» » ҚАЛА ӘКІМІДІГІ БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕТІНІ ЖАЙЛЫ УӘДЕ БЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМІДІГІ БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕТІНІ ЖАЙЛЫ УӘДЕ БЕРДІ

22 июнь 2023, Четверг
1 606
0
Шымкентте биыл жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 300-ге жуық көше орташа жөндеуден өтеді. Құрылыс жұмыстары 202,6 шақырымға жүргізіледі. Қазір қала аумағындағы 26 көшеге асфальт төселуде, деп хабарлайды қала әкімдігі әлеуметтік желіде
Асфальттеу жұмыстары Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде, Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, Ақжайық шағынауданында Шұбарсу, Сәдуақасов, Алпысбаев көшелерінде, Қызылжар шағынауданында Маралды көшесінде, Орманшы тұрғын алабындағы Алатау және Қажымұқан, 1,2 көшелерде, Базарқақпа тұрғын алабында Алай көшесінде аяқталды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жоспарға енгізілген барлық көшеде жалғасады екен
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать