Байланысқа арналған телефондар:
» » Антикор хабарлауынша Шымкенттегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Қоқанбаев Мұхтар ұсталды

Антикор хабарлауынша Шымкенттегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Қоқанбаев Мұхтар ұсталды

22 июнь 2023, Четверг
1 770
0
Құрыққа ақыры түстіма?
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хабарлауынша Шымкенттегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Қоқанбаев Мұхтар ұсталды
Ол сол баяғы мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде екен.
Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алыныпты. Ал әйтпесе.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, деп қояды
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі екен.
Сол баяғы біз көтеріп жүрген сыбайластыққа тікелей мүмкіншілік беретін сол жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражаты. Күнініе әрбір автобус үшін 120-140 мың теңге көлемінде қарастырылған ол жолаушылар тасымалын субсидиялау.
Ондай майлы батпан құйрық, ешкімге тап таза жолмен жүруге мүмкіндік бермесі о бастан анық еді

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать