Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкентте болашақ дизайнерлер мен әскери қызметшілер өз өнерін таныстырды

Шымкентте болашақ дизайнерлер мен әскери қызметшілер өз өнерін таныстырды

11 Қараша 2026, Сәрсенбі
89
0
Шымкент қаласында 6 қараша 2026 жылы қыздар мен әйелдердің кәсіби мүмкіндіктеріне арналған көрме өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, техникалық, шығармашылық және қолданбалы бағыттардағы жетістіктерін көпшілікке таныстырды. Көрменің басты мақсаты — мамандық таңдау ең алдымен адамның қызығушылығына, қабілетіне және ұмтылысына байланысты екенін көрсету болды.
Көрменің ерекше назар аударған қатысушыларының бірі — автожол колледжінің екінші курс студенткасы Динара Оспан. Ол өзінің қол дағдысын ерекше тәсілмен көрсетті: қаруды көзін жұмып, жай-жапсарын қолымен сезіне отырып, 45 секундтың ішінде бөлшектеп, қайта жинады. Бұл нәтиже көрме қонақтарының таңданысын туғызды.
Динараның айтуынша, әскери іске деген қызығушылық оған балалық шақта пайда болған. Ол мұны әскери қызметтен өткен ағаларының ықпалымен байланыстырады. Колледжге түскеннен кейін мұндай үйірменің барын білген ол дереу сабақтарға қатыса бастады. Бүгінгі таңда Динара жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. «Көзді жұмып, бәрін қолмен анықтау, әрине, оңай емес. Заттың өзін сезіну керек, оны қолыңда ұстай білу керек», — деп түсіндірді ол өзінің машықтану жолын. Болашақта Динара Оспан әскери қызметші болуды армандайды.
Осы мероприятиеде мүлдем басқа бағытта шеберлігін таныстырған тағы бір қатысушы болды. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың оныншы сынып оқушысы Қаусар Орынбасар ұлттық өрнектермен безендірілген декоративті брошьтер жасады. Шығармашылықпен ол жеті жасынан айналысып келеді. Көрмеге ол өз қолымен жасаған бұйымдарын алып келді.
Қаусар өзінің арман мамандығын анық білетінін айтты: болашақта ол дизайнер болғысы келеді. Қыздың ұлттық өрнектерге деген сүйіспеншілігі де ерте оянған. 
Көрмеде қолдан жасалған бұйымдар, шығармашылық жобалар және техникалық жетістіктер ұсынылды. Қонақтардың ерекше назарын транспорттық және өзге де техникалық мамандықтарды игеріп жатқан қыздардың жұмыстары аударды. Іс-шара барысында анық байқалғаны — жас қыздардың кәсіби қызығушылықтары өте алуан түрлі: бірі әскери қызметке, бірі өнер мен дизайнға, бірі техника саласына тартылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер мектеп оқушылары мен студенткаларға әр түрлі кәсіби бағыттармен танысуға, өз қабілеттерін ашуға және болашақ мамандықтарын неғұрлым сенімді таңдауға көмектеседі. Көрме қатысушыларды тек мамандықтармен таныстырып қана қоймай, олардың өз күштеріне деген сенімін нығайтуға бағытталған. Динара мен Қаусардың тарихтары осының айғағы — мамандық таңдауда шекара жоқ, маңыздысы — өз қызығушылығыңды тауып, оны дамытуға мүмкіндік алу.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать