Армия – шыдамдылық пен тәртіп мектебі⠀
Армия – шыдамдылық пен тәртіп мектебі⠀
⠀
Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін ашық есік күні өтті.⠀
⠀
Экскурсия барысында студенттер көптеген жаңа әрі пайдалы мәліметтермен танысты. Әскери бөлімнің басшылығы әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсетті. Іс-шара бағдарламасы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріндегі қызметтің негізгі бағыттарын жан-жақты қамтыды.⠀
Қонақтарға бақылау-өткізу пункті, саптық алаң көрсетіліп, әскери қызметтің атқарылу тәртібі түсіндірілді. Студенттер казарма ғимараттарын, оқу сыныптарын аралап, қару-жарақ үлгілерімен және оларды пайдалану ережелерімен танысты, сондай-ақ әскери киім үлгілерін көрді.⠀
Қатысушыларға ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – қаруды қолмен ұстап көріп, оны бөлшектеу мен жинақтауды өздері орындау мүмкіндігі болды.⠀
– Бүгін біз колледж студенттерімен бірге әскери бөлімге танысу мақсатында келдік. Бұл сапар өте танымдық болды, себебі біз бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірін көрдік. Армия – шыдамдылық пен тәртіптің нағыз мектебі, ол әрбір жас үшін үлкен тәжірибе береді, – деді «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Жандарбаева.⠀
Іс-шара соңында қонақтар сарбаздар асханасында түскі ас ішті. Бұған дейін оларға тағамдардың қандай өнімдерден дайындалатыны және әскери қызметшілердің ас мәзірі қалай жасақталатыны көрсетілді.⠀
Заманауи әскери қызмет жағдайлары студенттерді өзінің ұқыптылығымен және жайлылығымен жағымды таңғалдырды. Отан қорғаушы мамандығы туралы жарқын әсерлер адам жадында ұзақ сақталып, патриоттық рухтың, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етеді.⠀
⠀
Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін ашық есік күні өтті.⠀⠀

Обсудить
Другие статьи:
ТЖД: ТАБИҒИ ӨРТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
16 Сәуір 2026, Бейсенбі
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛУДЕ
16 Сәуір 2026, Бейсенбі
«Безопасная дорога»: в Шымкенте проведена разъяснительная работа с подростками
16 Сәуір 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
28 Қантар 2025, Сейсенбі
1) Шымкент гарнизонында Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Арнайы операциялар күштерінің бөлімшесіне барып, жауынгерл
23 Қантар 2025, Бейсенбі
Бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2-2024 шақырылым сарбаздарына жауынгерлік қаруды табыстауға арналған салтанатты рәсімі өтті
15 Тамыз 2023, Сейсенбі
Мәскеу қауіпсіздік конференциясында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәлімдемесі:
Комментарии (0)