ШЫМКЕНТТЕ Ш.ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ӘНІМ СЕН ЕДІҢ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Әнім сен едің» гала-концерті өтті.

Ескірмейтін есті әндер жаңғыртылған әуезді кеш
«Шәмші әлемі» гүлзарында ұйымдастырылды. Концерт Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликпен басталды. Сазгердің халық арасында кеңінен танылған 20-ға жуық шығармасы орындалды. «Ана туралы жыр», «Ақ маңдайлым», «Теріскей», «Бақыт құшағында», «Өмір-өзен», «Сыған серенадасы», «Кешікпей келем деп ең», «Қайықта», «Дүнген қыз», «Құшақ жайған қандай адам», «Отырардағы той» секілді әндерді жиналған қауым бірге шырқады.

Гала-концертте Шымкент қалалық опера және балет театрының солистері, «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары, «Қазына» және «Яссы» би ансамбльдері мен «Shamshi» әншілер байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті.
Концерттің соңында қала әкімінің ықылас гүлі табысталды.
Іс-шараны қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала ардагерлері мен БАҚ өкілдері тамашалады.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат

Обсудить
Другие статьи:
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
16 Маусым 2026, Сейсенбі
АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 101 ЖЫЛ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)