Байланысқа арналған телефондар:
» » ҚОШ БОЛ ҚАЗАҒЫМ! деп Нұркен Айнабеков өз басын өлімге байлағанын жария етті

ҚОШ БОЛ ҚАЗАҒЫМ! деп Нұркен Айнабеков өз басын өлімге байлағанын жария етті

14 ноябрь 2019, Четверг
9 113
1


Ей , қылмыс жайлаған жемқор прокурорлар мен құйтырқы полицейлер
Сендерге керегі осы болса, Бас прокуратураның алдында отқа оранып өзімді сойып беремін.
Құрметті ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ!
Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы!
ҚР Бас прокурорының орынбасары Асылов Берік Ноғайұлы назарына.
ҚР ІІМ-рі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғынбаевқа,
ҚР ІІМ-гі Өзіндік Қауіпсіздік Басқарма басшысы полиция полковнигі Арман Амангелдіұлы Садановқа,
ҚР ІІМ-гі Тергеу Департамент басшысы полиция полковнигі Адилов Санжар Аскенұлына.
ҚР МҚІЖСЖҚІҚ Агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевқа,
Шымкент қаласы прокуроры Мақсат Аманқұлұлы Қожабаевқа.
Менің осы постты жариялауыма түрткі болып отырған мәселе, бұрынғы ОҚО-ның прокурорлары Х.Маматаев, А.Меңлібаев , Н.Сейдалиев, Б.Бердібеков, А.Адырбеков Қ.Жарболат пен ОҚО ІІД полковннигі Б.Сұлтан Н.Дауылбаев .А.Абединов және оның өте құйтырқы тергеушілері А.М.Жолымбекова , Б.Сыдықов , Н.Мажимбеков С.Даытбеков т.б пагон киіп сөз байласқан құқықтық қызметкерлер, менің өлуімді тілеп , ақырында мені өртеніп өлуге мәжбүрлеген болатын.
Осы пагон киген құқықтық қылмыстық ұйымдасқан топтың осындай бассыздыққа бару себебі, сол кездегі ОҚО әкімі (1-суреттегі) Асқар Мырзахметов пен сол кезде ОҚО әкім аппараты басшысы болған (2-суреттегі) Бәйділлә Жылқышиев бастаған жемқор , рейдерлік , алаяқтық ҰҚТ мүелері, менің бар дүниемді тартып алып бизнесіме толық тоқтау қойдырды.
ОҚО прокурорлары мен полицейлері, А.Мырзахметов пен Б.Жылқышиевтің (жалпы саны 34 адам) бөтенге жасаған рейдерлік және мемлекет қаражатын жымқырған қылмыстарымен мені атып өлтіруге тапсырыс берген ауыр қылмысын жасырып ""Ұйымдасқан Қылмыстық Топтың "" мүддесін қорғап және бір қомақты дүние үшін мені қинап азаптап , ұрып соғып, негізсіз қамауға алып , мені жарым жан қылып, өздеріне үйреншікті қылып алған жалған жаламен үш жылға шартты түрде сотты қылды.
Қазіргі таңда, жоғарыда аталған биліктегі ""Ұйымдасқан Қылмыстық Топтың"" барлық қылмысы шетінен анығын тауып жатыр. Осы жүріп жатқан істерге тіркелген ""ВЕЩДОК"" заттарды Шымкент ҚПД ТБ орынбасары п-полковник Қуат Салиев, тергеушілері Н.Е,Умурзахов Д.Қожабаевтар қылмыс жасыру үшін қасақана жоғалтып жіберуде.
Осыншама қылмысты жасырып отырған, тергеуші Д.Қожабаевтің ағасы болып кедетін Шымкент қаласы прокуроры М.А.Қожабаев орынбасары М.Сабаншиев прокурорлар Б.Али Б.Ештаев Н.Сейдалиев және Шымкент ҚПД басшысы (3-суреттегі) полковник Ералы Мұсаәліұлы Жұмаханбетов, Шымкент ҚПД ӨҚБ-не жаңадан келген су жаңа басшысы (4-суреттегі) полковник Нұрлан Өтегенұлы Жұмахметов пен оның орынбасары (5-суреттегі) п-полковник Бауыржан Бектуровтар мені азаптап, қинап, құқығымды таптап менің соңғы амалға баруымды тілейтіндерін жеткізді.
Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіз биліктен кеткен соң, басшылық буындар өз ойларын қалағандай басқарып, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына бағынғылары келмей жатқан сияқты. Сіздің президенттікке өзіңіз қайта келуіңізді қалар едім, алайда сіз қайта оралуыңызға сенімім жоқ. Сол себепті жанымды сіздерге аманат еттім.
Қасым-Жомарт Кемелұлы !
Менің мәжбүрлі түрде мезгілсіз өліміме, Осы постта аты -жөні жазылған Әкім, Депутат, прокурорлар, полицейлердің толық тізімі 11.11.2019 ж 129-парақта №0073 санымен жолданған хаттағы көрсетілген тізім бойымша заңды жауапқа тартуыңызды аманат етемін !!!
Мен Қазақ елімді сүйемін, халықты қатты жақсы көремін. Қазақ еліміздің басқада адамдары мен сияқты қиналып, орган қызметкерлеріне жемтік болмауы үшін, менің өмірімнің соңғы демімде айтарым, басшылар мен орган қызметкерлеріне сабақ болсын деп, Сыбайластық пен қылмыскерлердің жазасын алатын дәрежеге жетпейтіндей етіп, жәбірленіп, ЖЕМТІККЕ АЙНАЛҒАН соңғы адам мен болайын деп шештім
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Менің өлімімнен кейін болсада осы жазған үндеуімді оқисыздар деп үміт пен халқыңыздың бірі болып, жемтікке айналған Нұркен Айнабеков.
ҚОШ БОЛ ҚАЗАҒЫМ!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=421486278764306&id=100027088113687&notif_id=1573742034047697&notif_t=feedback_reaction_generic_tagged&ref=notif
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
  1. bakhitzhan_kopbayev
    bakhitzhan_kopbayev Администраторы 16 ноября 2019
    Иә бауырлар, өкінішке орай осылай осыоай әділеттік үшін күрескен батырларымыз ортамыздан кетіп жатады. Біздің қолдан келері тек қана қолдау қалды