Шымкент. Отбасыдағы ынтымақтастық және өзара түсіністік
Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, иә, алайда оның сылдырауына да себеп бар. Неге сол ұрыстың алдын алып, неге жылы жауып, барлық мәселелерді сол кезде шешіп алмасқа? Иә, ешкім "ажырасам" деп үйленбейді, бірақ ажырасудың да адамның өз қолында екенін түсіну керек. Ажырасу оңай шешім емес – жай ғана бір парақ қағазға қол қоя салу емес. Егер екі ортада бала болса, оның кімге барарын білмей, өскенде әкесіне өкінішпен қарайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан әр қадамды ойланып жасау қажет. "Үйлену оңай, үй болу қиын" деп бекер айтпаған.
Екінші, бала – Алланың нығметі, аманаты. Сол аманатқа қиянат жасалмауы тиіс. Бойындағы баланың дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау – ананың міндеті. Баласының денсаулығына алаңдайтын әрбір ана мұндай қадамдардан сақтанғаны жөн. Себебі, жүктілік кезінде әйел нәзік күйде болады, сырт көзден, сұқты жанарлардан барынша сақтанғаны дұрыс, әйтпесе бұл баланың не ананың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қасиетті Құранда "...Сонда оған (әйелге) жүктілігінің әр күні үшін күндіз ораза тұтқанның, түнде Аллаға құлшылық еткеннің сауабы жазылады" делінген. Бұл кезеңнің өте жауапты сәт екенін осыдан-ақ пайымдауға болады.
Үшінші, белгілі бір суретті желіге қою арқылы қаншама жанның жарасын жаңғыртып, жанын жүдетіп аласың. Өмірде перзенттің тәтті иісін иіскеу әркімге бұйыра бермейді. Ал сізге бұйырған екен, онда әлемге жар салмай, үнсіз шүкір етіңіз. Жабырқау жанның жүрегіне артық жүк артпаңыз.
Бұл ойымызға қарсы пікір айтатындар да аз болмас. "Бұл олардың тағдыры" дер. Жарайды, солай-ақ болсын. Алайда, көргеніңіз бен түйгеніңізді жазсаңыз, білгеніңізбен бөліссеңіз, қаншама жанның сауабын аласыз. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей, сіз де бірнеше жанның жүрегіне ізгілік дәнін егесіз.
Әлеуметтік желіні дұрыс пайдаланбаудың кесірінен қаншама отбасы ойран болып жатыр. Қазіргі қоғамда ушығып тұрған тұрмыстық түрлі кикілжіңдер мен тіршіліктің қиюы қашқан көріністерінің туындауына осы әлеуметтік желі себепкер болып жүргенін мойындауымыз керек. Сондықтан, жастарға айтарым: ажырасуды ойламаңыздар, ол жай ғана бір қол қоюмен бітпейді. Керісінше, мәселені шешуге тырысайықшы.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Отбасылық кикілжіңдерге бей-жай қарамай, мәселелерді бірге шешуге ұмтылу маңызды. Әр қадамды ойланып жасау, ажырасудың салдарын түсіну және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану арқылы отбасыдағы бірлікті сақтауға болады. Ата-ананың жауапкершілігі мен сыйластықты ұстануы баланың болашағы мен қоғамның тұрақтылығы үшін аса маңызды.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
28 Қазан 2024, Дүйсенбі
Шымкент. Қазақстанда отбасылық мәселе өте өзекті, себебі қаншама отбасыға қиын соғып жатыр.
28 Қазан 2024, Дүйсенбі
Шымкент. Ешкім ажырасам деп үйленбейді, алайда үйленбей тұрып, үй болмай тұрып неге ойланбасқа?
28 Қазан 2024, Дүйсенбі
Шымкент. Алкоголь мен шылым шегу қазіргі қоғамның ең үлкен мәселелерінің бірі.
Комментарии (0)