Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Отбасылық мәселе бүгінде көпшіліктің басынан өтетін жағдай

Шымкент. Отбасылық мәселе бүгінде көпшіліктің басынан өтетін жағдай

31 Қазан 2024, Бейсенбі
32
0
Отбасылық мәселе бүгінде көпшіліктің басынан өтетін жағдай деп ойлаймын. Кейде күнделікті тіршілік барысында келіспеушіліктер орын алып, ұрыс-керіс туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларға дер кезінде көңіл аудармасақ, соңы жанжалға ұласып, тіпті ажырасуға дейін баруы ықтимал. Өмірде болған оқиғадан мысал келтірсек, жас отбасы арасында келіспеушіліктер орын алады. Күйеуі басқа қалада жұмыс істесе, әйелі бала күтімімен үйде. Ақшаның жетіспеушілігі, уақыт тапшылығы мен көңіл бөлмеу мәселелері әйелге қатты әсер етеді. Өзінің қалағанын ала алмау, қаржының жеткіліксіздігі оны ренжітіп, ақыры әйелдің кетуге бел бууына алып келеді. Қазақта "Алғанша жалғызым, алған соң жалмаузым" деп бекер айтылмаған. Сондықтан үйленер алдында терең ойланайық, баланы жәутеңдетпейік, әйелдерімізді бағалайық.

Отбасында не маңызды? Бұл сұраққа нақты жауап беру оңай емес. Махаббат па, өзара түсіністік пе? Әлде қамқорлық пен жанашырлық, жанқиярлық пен еңбекқорлық па? Мүмкін, отбасы дәстүрлерін қатаң ұстану қажет шығар?

Отбасы мен отбасылық құндылықтар әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты және бірінсіз бірі болмайды. Егер отбасы болмаса, отбасылық құндылықтар да өз мәнін жоғалтады. Еркек пен әйелдің қарым-қатынасы заңдастырылған, негізгі принциптерге негізделген болуы шарт. Осы принциптер арқылы ерлі-зайыптылар рухани денсаулықты, бірлік пен тұтастықты сақтай алады. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар қамқорлық пен сүйіспеншілікке негізделген.

Қоғамның өзгеруімен бірге отбасылық құндылықтар туралы жаңа түсініктер қалыптасуда. Бүгінгі таңда ата-аналар мен балалардың моральдық басымдықтары айтарлықтай ерекшеленеді. Жастар бұл құндылықтарды неғұрлым прогрессивті әрі қатал сипатта қабылдайды. Бұл әрбір жас ұрпақ алдыңғы ұрпақтан тек қажеттісін алып, оны қазіргі заманға сай толықтыратынын көрсетеді. Әрине, сенім, сүйіспеншілік, өзара көмек, құрмет пен мейірімділік сияқты ұғымдар бүгінгі адам үшін де маңызды болып қала береді. Алайда қоғамның қысымына байланысты бұл құндылықтар өзгерістерге ұшырауда.

Ақпараттың жеткіліксіздігі мен жаңа құндылықтардың қалыптасуына байланысты балалар өмірдің ең маңызды компоненттерін екінші орынға қоюда. Өмір мен этикалық нормалар туралы дұрыс түсінік қалыптастыру олардың болашақтағы бақытты отбасылық өмірінің кепілі болады. Бұл бағытта мектептер де қолдау көрсетеді. Соңғы уақытта отбасылық құндылықтарды талқылау басты тақырыпқа айналып, сынып сағаттарында жиі қозғалады. Бұл — үлкен қадам, өйткені дұрыс тәрбие мен өзін-өзі тану баланың өмірдегі орнын табуына көмектеседі.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать