Шымкент. Мемлекеттегі басты құндылық – заң.
Халықтық құқықтық мәдениетін қалыптастыру деген сөзді әркім әрқалай түсінеді десем де қателеспеймін. Алайда әрбір азамат өз мәдениетін және құқығын біледі деп ойлаймын. Азаматтарды толыққанды теңдікке жеткізу құқықтық идея арқылы ғана жүзеге асады. Құқықтық теңдік дегеніміз – бостандық қағидасы. Ол бостандық қағидасының барар жері – Әділеттілік. Сондықтан да әлем жұртшылығы әрдайым теңдік мәселесін басты назарда ұстайды.
Заң бәріне ортақ болмай, кез келген проблемалар, әкімшілік және қылмыстық әрекеттер заң шеңберінде шешілмей еліміздің құқық қорғау саясатын бірізге түсіре алмаймыз. Сол үшін мемлекет құқықтық саясаттың нақты алға қойған міндеттерін анықтап, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын жаңғыртуға жағдай жасап беруі керек. Ақпарат құралдары түрлі танымдық-ақпараттық материалдар арқылы қазақстандықтардың құқықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін үздіксіз насихаттап отыруы тиіс!
Еліміздегі құқықтық мемлекет принциптерінің нығаюы үшін жоғарыда айтылған төрт бағыт та өте өзекті болып саналады. Бұл төрт тін ел азаматтарының мемлекеттің ертеңіне деген сеніміне үміт шырағын жағары сөзсіз. Яғни, мемлекеттің басты идеологиясы құқықтық құндылықтарды құрметтеп, азаматтық қоғамның қалыптасуына жол ашып беруі керек. Әр азаматтың конституциялық құқығы мен бостандықтары сақталса, қорғалса, ол елдің саясатына оң көзқарас қалыптасады. Ол оң көзқарас елге инвестиция тартудың басты көзіріне айналары сөзсіз. Сондықтан да біздің мемлекет алдында мемлекеттік басқару жүйесін тек құқықтық негізге сүйену арқылы ғана жүзеге асыруы керектігі байқалады.
Бұл орайда азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруды тек мемлекеттің ғана мойнына артып қоюға болмайды. Азаматтардың бойындағы заңды құрметтеу сезімін ояту ісі ұлттық идеология деңгейінде жолға қойылуы керек. Мәселен, балабақшадағы балалардың санасына лайықталған түрлі бағдарламалар арқылы құқықтық мәдениетті сіңіре бастауымыз керек. Бастауыш сыныптардан бастап, он бірінші сыныпқа дейінгі жеткіншектер мектептен құқықтық мәдениеттің әліппесін үйреніп шығуы қажет.
Мемлекеттегі басты құндылық – заң. Оған құрмет көрсету азаматтық борышымызға айналуы керек. Ендеше түйіндей келсек, ел тұрғындарының заң шеңберін айналып өтуге тырысуы мемлекетте әділетсіздіктің орнығуына басты себеп болып отыр. Сондықтан да, заң үстемдігі салтанат құрған елде азаматтардың тыныш та, қауіпсіз өмір сүретінін әрдайым насихаттап отыруға міндеттіміз.
Құқықтық мемлекеттің басты сипаты азаматтардың билікке деген берік сенімі арқылы ғана айқын көрінеді. Яғни, билік әр азаматтың жүрегіне сенім дәнегін себуге барын салуы тиіс. Ал халық сол сенім негізінде өз құқықтарын қорғауға қабілетті болуы керек. Заман, қоғам талабына сай заңдар да дамып, өзгеріп отырады. Тіпті, Ата Заң саналатын конституцияға да түзетулер енгізіліп, уақыттың ырқына сай өзгертілуі мүмкін. Сондықтан да кез келген қазақстандық заман талабына сай заңмен бірге құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын жаңартып отыруы қажет.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру — құқықтық білім мен түсінікті қоғамның әр мүшесінде қалыптастыру
Комментарии (0)