Шымкентте жыл соңына дейін бес госпитальдық фармация бөлімшесі ашылады.
Шымкент қаласы соңғы жылдары Қазақстандағы ең жылдам дамып келе жатқан мегаполистердің бірі болып табылады. Қалада әлеуметтік даму мәселелері әртүрлі деңгейде шешілуде, ал бұл жұмыс әлі де өз жалғасын табуда.
2024 жылы Тұран ауданында қоқыс алаңдарын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясында Тұран ауданы әкімінің орынбасары - Бекбол Аманжол Бақытжанұлы баяндады.
Аудандағы 54 қоқыс алаңшасына 260 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Нәтижесінде, аудан аумағындағы қоқыс контейнерлері 100% жаңартылатын болады. Бұл жобаны жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда.
Сонымен қатар, аудан аумағында 3060 қоқыс жәшігін орнату жоспарланып, қазіргі уақытта олардың 2200-і қойылды. Ағымдағы жылы аулааралық 60 аумаққа 154 жарық шамы орнатылып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, демеушілердің қолдауымен Түркістан шағын ауданындағы Айқап көшесінде балалар ойын алаңшасы, ал Рысқұлбеков көшесінде тренажерлық алаңша орнатылды.
Балаларды қорғау күніне орай, Қажымұқан стансасынан Дендросаябаққа дейінгі ұзындығы 6 шақырымға жуық "Тұлпар" балалар темір жолының орнына заманауи веложол салынды. Велосипедшілер үшін арнайы баспалдақтар да орнатылып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалды. Сонымен қатар, аудан әкімі елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 95,5%-ды құрайтынын да атап өтті. Бұл көрсеткіш 2026 жылы толықтай 100%-ға жеткізілмек. Табиғи газбен қамту деңгейі де жоғары – 85,7%, ал электрмен қамту 95,2%-ға жетті.
Жоспар бойынша, 2026 жылға қарай табиғи газбен қамту толық жүзеге асырылып, 2025 жылы сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші де 100%-ды құрайды. Сондай-ақ, аудан әкімінің сөзінше, Тұран ауданындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аясында 21 шағын ауданда 165 шақырымды қамтитын 200 көшеге 3500 дана жарықтандыру бағанасы орнатылады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта ауданның 263 көшесі жарықтандырылды, оның ішінде 69 көшеге қосымша бағаналар орнатылған. Алты көшеде мердігер мекемелер тарапынан жұмыстар жалғасуда.
Шымкентте жыл соңына дейін бес госпитальдық фармация бөлімшесі ашылады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуінде спорт және денсаулық сақтау салаларындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Қала тұрғындарының 42%-ы бұқаралық спортпен айналысады. Биыл Шымкент спортшылары Қазақстан,
Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 768 алтын, 642 күміс жене 724 қола медаль жеңіп алды.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз халықаралық деңгейдегі 35 мың орындық жаңа заманауи стадионны курылысын бастадык. Казіргі уакытта стадион аумагында жер жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 1 000 адамға арналған «Еламан» спорт кешені пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін қалада 500 адамға арналған «SPORT LIFE» шағын футбол орталығының құрылысы аяқталады», - деді Ғабит Сыздықбеков.
Сонымен қатар, әкім денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Қазіргі уақытта медициналық мекемелердің, материалдық-техникалық базасының жаңарту деңгейі 86,5%-ды кұрайды. Биыл 46 дәрігер Ресей мен Түркия клиникаларында біліктілігін арттырды, жыл соңына дейін тағы 29 дәрігер біліктілігін жетілдіреді.
Бұдан бөлек, алғаш рет балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықта госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Жыл соңына дейін тағы бес осындай бөлімше, сондай-ақ, балалар
кардиохирургиялық орталығы ашылады. Жедел жәрдем кызметтерінің сапасын арттыру мақсатында 23 арнайы көлік сатып алынды.
Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданында көгалдандыру, абаттандыру және көшелерді күтіп ұстау жұмыстарын бақылады. Сондай-ақ Әйтеке би, А.Иманов, Ә.Жангелдин, Түркістан көшелері, Қонаев даңғылы, Ш.Қалдаяқов атындағы саябақ пен Әл-Фараби алаңында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Барлық жұмыстармен танысқан қала басшысы тиісті басқарма мен аудан әкімдеріне көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды күтіп ұстау бойынша нақты тапсырма берді. Ол қала жылдың кез-келген мезгілінде таза болуға тиіс екендігін міндеттеді.
Міне осылайша, қазіргі таңда Шымкент қаласының әлеуметтік дамуы өте маңызды бағыт болып табылады, және осы салада соңғы жылдары көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жұмыспен қамту және инфрақұрылым салаларына арналған стратегиялық жобалар мен бағдарламалар қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Алайда, қалада әлеуметтік мәселелердің толық шешілуі үшін, әсіресе, тұрғын үй мен инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар жалғасуы қажет.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
КӨШЕ-ЖОЛ ЖЕЛІСІН ПАСПОРТТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 Желтоқсан 2024, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)