10) Жалпыға бірдей декларациялау: мақсаттары, міндеттері және кезеңдері қандай?
Жалпыға бірдей декларациялау: мақсаттары, міндеттері және кезеңдері қандай?
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов жалпыға бірдей декларациялау жүйесінің енгізілуі туралы кеңінен мәлімет берді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – әділ салық салуды қамтамасыз ету, әлеуметтік саясатты жетілдіру, сыбайлас жемқорлықты азайту және көлеңкелі экономиканы төмендету.
2021 жылы жүйе алғаш рет мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары үшін енгізілді. 2023 жылы екінші кезеңде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың отбасылары декларация тапсыруға міндеттелді. 2024 жылы үшінші кезең басталып, заңды тұлғалардың басшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары да декларация тапсырды. Төртінші кезеңде барлық жеке тұлғалар, соның ішінде жеке практикамен айналысатындар, адвокаттар, нотариустар, медиаторлар, мемлекеттік немесе сайланбалы лауазымдарға кандидаттар, банктер мен қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары декларация тапсырады.
Декларациялауға жататын активтер қатарына шетелдегі жылжымайтын мүлік, көлік, банктік шоттардағы 3,7 млн теңгеден асатын қаражаттар, бағалы металдар, шетелдік компаниялардағы үлестер мен басқа да құнды активтер кіреді. Сонымен қатар, шетелде 12 ай ішінде кемінде 183 күн тұрған тұлғалар резидент мәртебесін алу үшін декларация тапсыруы тиіс.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
04 Қараша 2024, Дүйсенбі
Түркістан облысы. Сыбайлас жемқорлық — бұл жеке мүдделерді көздеп, лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіктерін теріс пайдалануы.
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Заң үстемдігін қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін дамытумен қатар жүретін процесс.
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Азаматтық бастамашылар бүгінде қоғамдық пікірді тудырушы ғана емес, сол қоғам мүшелерінің назарын ең өзекті мәселелерге аударып, оларды шешуге атсалысып жүрген қоғамда орны бар институтқа айналды.
07 Ақпан 2024, Сәрсенбі
«САПАЛЫ ӨНІМ» ЖОБАСЫ: 5 ТАЛАП-АРЫЗ БОЙЫНША СОТТЫҢ ОҢ ШЕШІМІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫНА ШЕШІЛДІ
14 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
АКТИВТЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ҰСЫНУДЫҢ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ
14 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
2024 ЖЫЛДЫН 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ 3-КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
Комментарии (0)