10) 2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Жалпы, 2024 жылы 172 089 баспана пайдалануға беріліп, оның 39 064-і жеке үйлер болды. Бұл ретте Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.
2024 жыл Қазақстанның тұрғын үй саясаты үшін ерекше кезең болды. Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды, бұл азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету механизмдерін жетілдіруді көздейді. Заң аясында «Отбасы банкі» «Бір терезе» қағидаты бойынша тұрғын үй беру процесін оңайлататын толыққанды даму институтына айналатын болады. Бұл реформа тұрғын үй алу кезегіндегі азаматтарға баспана беру процесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Реформа аясында, жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйлерде тұратын 71 мыңға жуық азаматқа пәтерлерін жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға (ҰОС ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б.) әкімдіктер 20 мыңнан астам пәтер сатып алды, бұл 13 мыңға жуық отбасына алғаш рет жеке баспана алуға мүмкіндік берді.
2024 жылы «Наурыз» және «Отау» мемлекеттік бағдарламалары аясында 10 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Бұл мақсатта 1 трлн теңге бөлініп, 64 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 2300 азаматқа ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары берілді, ал 10,4 мың азаматқа тұрғын үйді жалға алу үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау мақсатында төлемдер жасалды.
2025 жылы Қазақстанда 19 млн шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр, бұл тұрғын үй саясатының одан әрі дамуына және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйлер — бұл қаладағы тұрғын үй қорын, құрылыс саласын және осы саладағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтитын кешенді мәселе.
Комментарии (0)