ҚР ІІМ орынбасары Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, бастамалары оң бағалады
ҚР ІІМ орынбасары Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, бастамаларды оң бағалады
ҚР ІІМ орынбасары Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, бастамаларды оң бағалады, деп хабарлайды. Ішкі істер министрлігінен Түркістанға арнайы келген ҚР ІІМ орынбасары Сәкен Сәрсенов департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен жедел кеңес өткізді. Жиында 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс полицейлерінің атқарған жұмысы қаралды. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов баяндама жасады. Анықталған кейбір кемшіліктер бойынша сын-ескертпелер беріп, тапсырмалар мен ұсыныстарды дер кезінде орындау керектігін жеткізді. Бірқатар басшы құрам өкіліне шара көрілді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында жұмысты күшейтуді, заң мен тәртіпті сақтауды тапсырды. Одан әрі Жедел басқару орталығындағы цифрлық шешімдердің орындалуын тексеріп шықты. Облыстағы бейнекамералардың жұмыстарымен жіті танысты. Департамент қолданысындағы соңғы үлгідегі цифрлық технологиялардың жұмысын бақылады. Мұнда Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек, Цифрландыру бойынша әкімдіктегі басқарма басшысының орынбасары С.Байгутов та қонақта болды.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)