Түркістан облысы әкімінің орынбасары шаруаларымен кездесіп, пікір алмасты
Түркістан облысы әкімінің орынбасары шаруаларымен кездесіп, пікір алмасты
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш және Келес аудандарының шаруаларымен кездесіп, олардың көкейінде жүрген мәселелерін тыңдап, ұсыныстарын қабылдады. Кездесу барысында шаруалар ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды мәселелерді көтеріп, олардың шешілу жолдарын талқылады. Мәжіліс кезінде жеңілдетілген пайызбен несие алу, тыңайтқыш пен жанар-жағармайға өтінім беру барысында кездесетін кедергілер ашық айтылып, ағын су мәселесі мен су арналарының жағдайы да сөз болды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Ермұхан Құралбеков агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында берілетін жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қолдаулар туралы толық ақпарат беріп, олардың тәртібін түсіндірді. Ол ауыл шаруашылығындағы негізгі қолдаулардың бірі ретінде жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар туралы мәліметтерді ортаға салып, шаруалардың осы мүмкіндіктерді қалай тиімді пайдалануы керектігін атап өтті.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына бағытталған жұмыстарға тоқталып, өткен жылы атқарылған істерді баяндады. 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға «Құлтума», «54-тармақ», «Сифон» каналдары мен Жеміс қоймасы және Шеңгелді қашыртқылары жөндеуден өткен. Сонымен қатар, «Тұран-су» МКК арқылы бөліп төлеу негізінде сатып алынған 3 бірлік техникамен 172 шақырымды құрайтын 56 су нысаны механикалық тазалаудан өтті. Бұдан бөлек, қазіргі таңда «47-тармақ» каналына қосымша су беру мақсатында аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары басталғаны хабарланды.
Бұл кездесулер ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу үшін жергілікті әкімдіктер мен облыс деңгейіндегі басқармалардың бірлесе жұмыс істеуі қажеттігін көрсетті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласын қолдаудың маңызды бағыттары, оның ішінде су мәселесі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін атқарылатын жұмыстар талқыланып, алдағы уақытта қосымша қолдау шаралары жоспарланып отыр.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
16 Қантар 2025, Бейсенбі
ҚР ІІМ орынбасары Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, бастамалары оң бағалады
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында бір жылда 62 кооператив құрылып, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жаңа жобалар іске асуда
Комментарии (0)