Байланысқа арналған телефондар:
» » ЕГЕР МАЯТАС МАҢЫНДАҒЫ ПГУ ҚҰРЫЛЫСЫ ІСКЕ АССА, БОЛАШАҚТА ШЫМКЕНТТЕГІ МАЯТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕДЕ ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ КҮТІП ТҰР АЛДА

ЕГЕР МАЯТАС МАҢЫНДАҒЫ ПГУ ҚҰРЫЛЫСЫ ІСКЕ АССА, БОЛАШАҚТА ШЫМКЕНТТЕГІ МАЯТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕДЕ ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ КҮТІП ТҰР АЛДА

23 июнь 2023, Пятница
1 771
0
ЕГЕР МАЯТАС МАҢЫНДАҒЫ ПГУ ҚҰРЫЛЫСЫ ІСКЕ АССА, БОЛАШАҚТА ШЫМКЕНТТЕГІ МАЯТАС ЕЛДІ МЕКЕНДІДЕ ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ КҮТІП ТҰР АЛДА
Атырау облысында экологияға қатысты үлкен мәселелер қашанда болған. Жылдар өте олардың саны артып келеді, шын мәнінде, мұнай-химия өнеркәсібінде жұмыс істейтін әрбір жаңа кәсіпорын зиянды қалдықтардың көбейуіне өз үлесін қосары анық
Міне, тың мысал – Атыраудың жергілікті мәслихат депутаттары «Қарабатан коммуналдық шешімдері» газ электр станциясында тәртіп орнатуға тырысуда. 
Бұл кәсіпорын жаңа, жоспарланғандай тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етіп, оған қоса суды тазартуы тиіс болатын. Идея керемет, жоба ерекше, әйбет-гөзәл.
Ал орындауы быт-шыт.
Нәтижесінде шын мәнінде электр энергиясы өндіріліп, одан шыққан қалдық лас су жай далаға ағылып жатыр бей берекет. Бұл трюктары үшін компанияға айыппұл салынды, бірақ ештеңе өзгермеді.
Атырауда жарайды, толып жатқан жазира кең дала бар шығар, ал адам өте тығыз орналасқан, айналасы суармалы құнарлы жер қаптаған, Маятаста, дәл осындай салынбақ болып жатқан  газ электр станциясы жүдә, таза істеп суды тап таза қылып қайта пайдалана қалады дегенге тек, осындай проекттерден пайда көріп ертең зытып тұратындар ғана сенсе керек. 
Атыраулықтардың айтуынша, осындай типа инновациялық электр стансасының құрылысының мердігері «Базис Констракшн» болып табылады екен. Төбесі ұшып, суы ағып жатқан Түркістандағы мұражайды салғанда солар дейді. 
Ал Маятаста кім салмақ сонда?
Басы аулық таза экологиялық апат болмай тұрғанда ондай аз электр станциясын облыс әкімі Дархан Сатыбалдының және экология министрі Зульфия Сулейменованың үйіне салсын соншама керемет болса.
Жерлестерімен көршілеріақ қарық болып қалсын сол екеуінің инновациялық кереметтерін қалдықтарына
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать