«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»: ШЫМКЕНТТЕ 272 МЕКТЕП ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін Шымкенттегі барлық мектептерле бітіруші түлектерге «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шараның құрметті қонағы ретінде ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, 10, 20 жылдық мектеп түлектері, ардагер ұстаздар және мектеп мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары қатысты.Жалпы биыл Шымкент қаласында білім басқармасына қарасты 272 мектеп оқу жылын қорытындылады. Қалада 13 286 оқушы 11 сыныпты бітірді. Оның 463-і “Алтын белгіге”, 641-і үздік аттестатқа үміткер. Ал, 9 сыныпты 21 777 оқушы тәмәмдаса, оның 1158-і үздік аттестатқа үміткер болып отыр.
Айта кетейік, соңғы қоңырау іс-шарасы кезінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары, мектептерде қатаң тәртіпте полиция және педагогтар тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
28 Қараша 2023, Сейсенбі
ШЫМКЕНТ: 265 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ
Комментарии (0)





