Түркістан театрының жас әртісі жылдың алғашқы премьерасын сахналайды
Түркістан театрының жас әртісі жылдың алғашқы премьерасын сахналайды
Түркістан музыкалық драма театрының жас әртісі, автор және режиссер Мұзафар Ғалымжанұлы өзінің тырнақалды туындысы «Жалдамалы пәтер» спектаклін сахналауға дайындалып жатыр. Бұл туралы театрда өткен баспасөз жиынында шығармашылық ұжым хабарлады. Жас әртіс алғаш рет режиссер ретінде сахнаға шығып, өз идеясы бойынша қойылымды жүзеге асырды. Мұзафар Ғалымжанұлының айтуынша, спектакльдің алғашқы идеясы жертөледе туындап, кейін көпшіліктің қолдауымен толықтырылып, бүгінгі күнге дейін жеткен.
Шығармашылық ұжым баспасөз жиынында қойылымның көтеретін тақырыбына да тоқталды. «Жалдамалы пәтер» спектаклі өзекті мәселелерді қозғайды. Шығарманың негізгі идеясы — тіршілік қамытын киіп, күнделікті күйбеңмен жүрген адамдардың көпшілігінің жалдамалы пәтерде өмір сүріп жатқаны. Қойылымда сол пәтерде тағдырдың жолықтырған жас жігіт пен қыздың арасындағы қарым-қатынас, өнерге деген құштарлық және махаббаттың әсері бейнеленеді. Жұмбақ жағдайда танысқан екі жастың өмірлері өзгеріп, олардың арасында бір-біріне деген сезім оянады. Спектакльдің музыкалық драма мен комедия жанрларын ұштастырған бұл махаббат хикаясы көрерменге қызықты оқиғалар мен эмоцияларға толы болары сөзсіз.
Биылғы жылдың алғашқы премьерасына дайындық қызу жүріп жатыр. Екі құрамда ойнайтын әртістер дайындық барысындағы қызықты әрі қиын сәттерімен бөлісіп, қойылымның әсерлі болатынына сенім білдірді. Қойылым 18-19 қаңтар күндері көрермендерге ұсынылмақ. Басты рөлдерде Түркістан театрының талантты әртістері Қадыржан Төреханов, Аяжан Жұмабек, Досымжан Арқабеков, Аида Серикова, Темірлан Еркінғалиев, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Ұлан Әділбек, Мейіржан Тұрсынов, Ақбала Ыбырайқызы, Болатбек Оспан, Мерей Құдайберген сынды өнер иелері ойнайды. Қойылымның композиторы — Ербол Нариманұлы, ал көркемдік жетекшісі — Мадина Мұратпекова.
Жалпы, «Жалдамалы пәтер» спектаклі театрдың жаңа бастамаларының бірі болып, Түркістан театрының өнер әлеміндегі жаңа белестерін паш ететін туынды болары сөзсіз.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)