Байланысқа арналған телефондар:
» » 7) Төлеби ауданында «Ауыл – ел бесігі» аясында спорт кешені салынуда

7) Төлеби ауданында «Ауыл – ел бесігі» аясында спорт кешені салынуда

22 Қантар 2025, Сәрсенбі
1 529
0
Төлеби ауданында «Ауыл – ел бесігі» аясында спорт кешені салынуда

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс нысандарын бақылауды күшейткен болатын. Осыған сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Көксәйек елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын тексерді.
  Мердігер мекеме «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС атқарып жатқан құрылыс жұмыстарының сапасы жіті бақылауға алынып, облыс әкімінің орынбасары мердігерге құрылыс жұмыстарын уақытында, сапалы орындауды тапсырды. Спорт кешенінің жалпы ауданы 4267,99 шаршы метрді құрайды, ал ғимаратта кіші баскетбол, волейбол, күрес және тренажер залдары орналасатын болады. Спорт кешенінің қуаттылығы 250 көрерменге арналған және құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде.
  Сонымен қатар, Біркөлік елді мекеніндегі «Бәйшешек» спорттық сауықтыру кешеніне жасаған сапарында Ертай Алтаев кешеннің жаттығу залдары мен тынығу орындарын көріп, асхана жағдайына назар аударды. Ғимараттағы кейбір кемшіліктерді атап өтіп, облыстық спорт басқармасының мамандарына оларды түзету туралы тапсырма берді. Аталған кешен 1972 жылдан бері жұмыс істеп келеді және бір мезгілде 250 баланы қабылдай алады. Алайда, ғимараттың қазіргі жағдайы күрделі жөндеуді қажет етеді.
  Облыс әкімінің орынбасары спортты дамытуға бағытталған жаңа тәсілдермен жұмыс істеу қажеттігін атап өтіп, аудандар мен шалғай елді мекендерден жас таланттарды тауып, оларды спортқа баулуды тапсырды. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать