Байланысқа арналған телефондар:
» » 7) Түркістан облысында мақта шаруашылығы дамып жатыр

7) Түркістан облысында мақта шаруашылығы дамып жатыр

23 Қантар 2025, Бейсенбі
1 532
0
Түркістан облысында мақта шаруашылығы дамып жатыр


  Түркістан облысында мақта кластерін дамыту бойынша ауқымды жоспарлар жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілген болатын. Жол картасына сәйкес, облыста 9 мақта-тоқыма кластері құру жұмыстары жүргізілуде, бұл жобалардың нәтижесінде 14 мың жұмыс орны ашылып, жыл сайынғы салық түсімі 26,2 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда.
  Өңір басшысы Нұралхан Көшеров мақта кластерін дамыту жоспарларын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, жауаптыларға жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Әсіресе, мақта алқаптарында су үнемдеу технологияларын енгізу және өңірде ашылған кәсіпорындарды тарту мәселелеріне баса назар аударылуы қажет екендігін айтты.
«Мақта кластеріне қатысты жоспарды тағы да нақтылап, қарап шығыңыздар. Инвесторлармен байланыс үзіліп қалмауы керек. Жобаларды жүзеге асыруға ықпал етіңіздер. Әкімдер мен басқарма басшылары жұмысты күшейтсін», – деп атап өтті облыс әкімі.
  Әлібек Плалов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы, осы бағыттағы жұмыстарды баяндап, облыстың бірнеше ауданында мақта өңдеу кәсіпорындары құру жоспарланғанын жеткізді. Атап айтқанда, Сауран, Ордабасы, Шардара аудандарында бір-бірден, Мақтаарал мен Жетісай ауданында қосымша кәсіпорындар құрылатын болады.
  Turan арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттау мақсатында көпсалалы нысанының құрылысы басталды. Бұл жерде қытай технологиясымен жұмыс жүргізілуде. Технологияның тиімділігі — суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарына 60 центнерден өнім алу мүмкіндігін береді. Осы жылы 1,2 мың гектарға мақта егілді.
   2025 жылға дейін облыс бойынша мақта дақылының егіс көлемі 135 мың гектарға жетуі жоспарланған. Оның ішінде 85 мың гектар дәстүрлі тәсілмен, ал 50 мың гектар жаңа технологиямен егілмек. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать