Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент медициналық туризмді дамытуда

Шымкент медициналық туризмді дамытуда

24 Қантар 2025, Жұма
1 547
0
Шымкент медициналық туризмді дамытуда

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында кешенді жұмыстар атқарып, шетелдік пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсетуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Өткен жылы қаладағы медициналық мекемелер 100-ден астам шетел азаматына ем-дом көрсетті.

Қалалық №2 аурухана нейрохирургия саласындағы күрделі операцияларды сәтті жасауымен ерекшеленеді. Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Швейцария, Ресейден келген пациенттер жергілікті дәрігерлердің кәсібилігі мен шеберлігінің арқасында сауығып кетті. Қалалық №1 аурухана да Қытай, Өзбекстан, Ресейден келген науқастарға күрделі оталар жасап, диагностикалық тексерулер жүргізді. Сонымен қатар, бұл аурухана еліміздің басқа қалаларынан келген 500-ге жуық науқасқа қызмет көрсетті.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған диагностикалық орталық 50-ден астам шетел азаматына консультативтік-диагностикалық, зертханалық, радиологиялық, эндоскопиялық қызметтер көрсетті. Орталыққа жүгінетін шетелдік азаматтар саны жыл сайын 10-15 адамға артып келеді.

«Шымкент жүрек орталығы» да медициналық туризмді дамытуда белсенді жұмыс істеп, шетелдік серіктестермен тығыз байланыс орнатқан. Өткен жылы орталық АҚШ, Ресей, Ауғанстан, Тәжікстаннан келген пациенттерге жоғары технологиялық оталар жасады. Шымкент қаласының медициналық туризм саласындағы бұл жетістіктері қаланың халықаралық медициналық орталыққа айналуына жол ашады. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать