Жыр шумақ. ОЯН СОЗАҚ – ҮМІТІМ ТЕК ӨЗІҢДЕ (Атаңа нәлет атомпром)

ОЯН СОЗАҚ – ҮМІТІМ ТЕК ӨЗІҢДЕ
(Атаңа нәлет атомпром)
Оян Созақ, көтер кәне, басыңды
Қорлап бітті, кәріңдіде жасыңды
Жерің кетті, малың кетті қолды боп
Сатып болды, басыңдыда, тасыңды
Жалмап бітті жер бетінен барыңды
Сұм кенедей сорып жатыр қаныңды
Енді міне жердің астын жұлмалап
Улап жатыр тәніңдіде, жаныңды
Оян Созақ, батыр туған атадан
Жаулар алды тұншықтырып жағадан
Бас көтеріп, жас жұлқынып шықпаса
Қадір кетті сағы сынған ағадан
Бай мансабың таза арам түлкілер
Саған сенем жау жүректі інілер
Бүгін өзің талап етіп алмасаң
Ақың кетіп, ертең елің түңілер
Ақын Көпбай немересі, Бахытжан Көпбаев.
Обсудить
Другие статьи:
Даже процветающий капитализм уничтожить тебя, стоит только заболеть.
05 апрель 2021, Понедельник
В каком обществе мы живем а в каком мы должны жить.
04 апрель 2021, Воскресенье
Похожие материалы:

04 ноябрь 2019, Понедельник
Шымкенттегі білім басқармасыны басшысының орынбасары 400 000 теңге парамен ұсталды
Комментарии (0)