Түркістан облысындағы 115 мектеп жаңғыртудан өтеді
Түркістан облысындағы 115 мектеп жаңғыртудан өтеді
Түркістан облысының білім саласында маңызды өзгерістер орын алып жатыр. Түркістан облысының кәсіптік колледждерінде білім алған түлектер Еуропада кәсіби маман ретінде жұмыс істей алатын деңгейге жеткені туралы Білім басқармасының басшылығы хабарлады. Бұл аймақтың білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарға сай болуын және оқушылардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отырған қадам.
Сонымен қатар, облыстағы 115 мектеп жаңғыртудан өтеді. Бұл жаңғырту жобасы бойынша мектептердің инфрақұрылымы мен оқу жағдайы еліміздегі «Жайлы мектеп» жобасымен салыстырмалы түрде жақсартылатын болады. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба алдағы үш жылда жүзеге асырылады. Бұл қадам Түркістан облысының білім беру көрсеткіштерін еліміздегі 20-шы орыннан 16-шы орынға көтеруге мүмкіндік береді.
Жалпы, білім сапасын арттыруға бағытталған бұл шаралар өңірдегі білім беру деңгейін жақсартып, жастардың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Обсудить
Другие статьи:
30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
13 Желтоқсан 2025, Сенбі
ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ 30 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
13 Желтоқсан 2025, Сенбі
ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
12 Желтоқсан 2025, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)





