Маңызды әңгіме: Шымкент полициясының басшысы студенттермен кездесті
*Маңызды әңгіме: Шымкент полициясының басшысы студенттермен кездесті*
Оңтүстік Қазақстан университетінде қалалық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев 500-ге жуық студентпен кездесу өткізіп, ашық әрі мазмұнды диалог құрды.
Жиында генерал жастармен тек ресми баяндама жасап қана қоймай, *қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған нақты мәселелерді талқылады* . Атап айтқанда, сталкинг, қыз алып қашу, интернет-алаяқтықтағы «дропперлік» схемалар, есірткі тарату, вейп пен «күлдіргіш газ» қолдану, қоғамдық орындарда бет-жүзді тұмшалау және самокат жүргізу мәдениеті сөз болды.
Полицей *сталкингтің* қылмыс ретінде заңмен қарастырылатынын атап өтіп, *қыз алып қашу* дәстүр емес, адам құқығын бұзу екенін қадап жеткізді.
Сондай-ақ, интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа тоқталған полиция басшысы жастарды *«оңай табыс»* ұсыныстарына алданбауға шақырды. *Банк картасын бөтен адамға беру* қылмысқа ортақтасумен тең екенін түсіндірді. Бұдан бөлек, *есірткі қоюшы болу* да ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Кездесу барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы заң талаптары түсіндірілді. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
*– Қоғамның қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сіздер – елдің ертеңісіздер. Біз сіздерге сенеміз және әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз,* – деді Мұхтар Қожаев.
Кездесу жастарға ой салған мазмұнды алаңға айналды. Тәртіп сақшылары студенттермен профилактикалық кездесулерді алдағы уақытта да жалғастырады.
Оңтүстік Қазақстан университетінде қалалық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев 500-ге жуық студентпен кездесу өткізіп, ашық әрі мазмұнды диалог құрды. Жиында генерал жастармен тек ресми баяндама жасап қана қоймай, *қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған нақты мәселелерді талқылады* . Атап айтқанда, сталкинг, қыз алып қашу, интернет-алаяқтықтағы «дропперлік» схемалар, есірткі тарату, вейп пен «күлдіргіш газ» қолдану, қоғамдық орындарда бет-жүзді тұмшалау және самокат жүргізу мәдениеті сөз болды.
Полицей *сталкингтің* қылмыс ретінде заңмен қарастырылатынын атап өтіп, *қыз алып қашу* дәстүр емес, адам құқығын бұзу екенін қадап жеткізді.
Сондай-ақ, интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа тоқталған полиция басшысы жастарды *«оңай табыс»* ұсыныстарына алданбауға шақырды. *Банк картасын бөтен адамға беру* қылмысқа ортақтасумен тең екенін түсіндірді. Бұдан бөлек, *есірткі қоюшы болу* да ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Кездесу барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы заң талаптары түсіндірілді. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
*– Қоғамның қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сіздер – елдің ертеңісіздер. Біз сіздерге сенеміз және әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз,* – деді Мұхтар Қожаев.
Кездесу жастарға ой салған мазмұнды алаңға айналды. Тәртіп сақшылары студенттермен профилактикалық кездесулерді алдағы уақытта да жалғастырады.
Обсудить
Другие статьи:
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласы Абай ауданының
28 Сәуір 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
13 Қараша 2025, Бейсенбі
ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ
01 Қазан 2025, Сәрсенбі
Интернет алаяқтарының құрбаны болмаудың жолдары: Тұран аудандық полициясының кеңестері
27 Қырқүйек 2025, Сенбі
Отырар колледжінде жастардың жауапкершілігі мен өзекті мәселелерге арналған кездесу өтті
29 Қырқүйек 2025, Дүйсенбі
А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектепте «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу
22 Қырқүйек 2025, Дүйсенбі
Интернет алаяқтық пен есірткіден сақтандыру: полиция өкілдері №16 мектеп оқушыларымен кездесті
Комментарии (0)

